• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Көрме 19 Желтоқсан, 2023

Торқалы тоқсан жылдық

154 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде «1933-2023. Қазақстан Сурет­шілер одағына 90 жыл!» атты халық­аралық көр­менің ашылуы өтті. Маз­мұнды іс-шараға Мә­дениет және ақпарат министрлігі қолдау көр­сет­кен.

Көрмеге отандық және шет­елдік қылқалам ше­бер­лерінің 270-тен аса жұмыс­тары қо­йылды. Олардың дені: кес­кін­демелік, графикалық, мүсін, гобелен, керамика және киізден жасалған бұ­­­йымдар. Әсіресе ұлттық бей­­­­нелеу өнерінің бар­­лық бу­­ынының карти­нала­рын­да халқымыздың тарихы, өмірі, тұрмысы шынайы бей­неленген. Бір жағы­нан, мұнда Суретшілер ода­­ғы­ның 90 жылдық тари­хы тұ­нып тұр. Сондай-ақ бас­қа да сурет­шілердің туындыларын­да та­биғаттың сұлулығы, үй­лесімділігі, аңыз­дар мен ежел­гі құпиялар, қазіргі дала мен қала өмірі барынша кө­рініс тапқан.

Іс-шараның ашылуында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қа­дыров Суретшілер одағының 90 жыл­дық мерейтойы туралы жылы лебізін білдіріп, министр Аида Балаеваның құттықтауын оқып берді. Одан кейін сөз ал­ған Қазақ­стан Суретшілер ода­­ғының төрағасы Өмірбек Жұ­ба­ния­зов: «Биыл – біз үшін ерекше жыл. Біздің Одақ­­тың құрылғанына 90 жыл толды. Соған орай өтіп отырған көр­менің ерекшелігі – оған отандық қана емес, 10 елдің суретшілері де қа­тысып, қол­дау көрсетті. Осын­да қойыл­ған шетелдік қыл­қалам шебер­лерінің туындылары Ұлттық музей мен Ә.Қастеев атындағы өнер мұ­ражайының қорына тапсырылады. Осы іс-шараны өткізуге мұрындық болған бар­­­ша ұйымға алғысымды айтамын», деді ол.

Сонымен қатар іс-шара аясында дөңгелек үстел мә­жілісі өтіп, онда Қазақстан Сурет­шілер одағының тарихы, оның іргесін қалаған тұл­ғалар туралы және одақ­тың бүгінгі хал-ахуалы жайын­да тың ойлар, парасатты пі­кір­лер айтылды.