Елордада дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Астана» спорт форумы өтті. Форум аясында жылдың үздік спортшылары анықталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы жарияланып, номинациялардың жеңімпаздары марапатталды. Бокстан 75 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» атанды.
Бұдан бөлек:
«Спорт ардагерлері» – Марат Қуанышев, Мерей Ақшалов, Жанат Манашев, Анатолий Храпатый (қайтыс болғаннан кейін);- «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» – Нұрбек Оралбай;- «Әйелдер арасындағы жыл спортшысы» – Жәмила Бақбергенова;- «Әйелдер арасындағы пара спортшы» – Ақмарал Науатбек;- «Ерлер арасындағы пара спортшы» – Ерғали Шамей;- «Спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы» – Дәурен Оразов;- «Жыл жаттықтырушысы» – Асқар Еркебаев;- «Жылдың үздік елордалық федерациясы» – Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы;- «Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» – Гүлнәр Базаралиева;- «Жылдың үздік балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» – Астана әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі» КММ;- «Жыл серпілісі» – Нұржан Батырбеков және «Жеңіс» футбол командасы;- «Жыл меценаты» – Дмитрий Инютин, Асхат Мұқашев, Әсет Нұрғожин, Қуаныш Нұртақов номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Әкімдік пен Сортшылар одағы осы іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шешім қабылдады. Елордада спорт саласы дамып келеді. Бұл біз үшін ерекше маңызға ие. Спорт адамдарды ғана емес, елдерді де біріктіреді. Спорттың күші міне осы», деді іс-шараның ашылуында Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табысталды.