Өз кезегінде оператор бірыңғай анықтамалық байланыс орталығын іске қосады.
Баспасөз мәслихатында «Қазір кез келген бұқаралық шараны табысты өткізу сапалы телекоммуникациялық қызметтерді қамтамасыз етусіз елестету мүмкін емес. Телекоммуникациялар ауқымды аудиторияға хабарлау, ақпараттармен жедел алмасу және шұғыл мәселелерді шешу үшін маңызды. Универсиада кезінде ұялы байланыс операторлары желісіне салмақ түсетіні даусыз, ел өз әсерлерімен бөлісіп, мобильдік интернетті белсенді түрде пайдаланады, – деді «Алматы қаласындағы 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша дирекция» МҚ басшысы Наиль Нуров.
Байланыс орталығы барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін бірыңғай 7117 нөмірі бойынша жұмыс істейтін болады. Байланыс орталығы тәулік бойына жұмыс режімінде Универсиаданың қатысушылары мен қонақтарына барлық қажетті анықтамалық ақпарат береді, оның ішіне жарыстар кестесі, спорт нысандарының орналасқан жері, билеттерді сатып алу тәсілдері және басқа да көптеген хабарламалар кіреді.
«Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отстің айтуынша, барлық жарыс өтетін барлық орындардың телекоммуникациялық инфрақұрылымын дайындау үшін күрделі жұмыс жүргізілген. Дыбысты байланыстың және интернеттің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін «Кселл» АҚ инженерлері барлық қажетті шараларды атқаруда. 12 нысанда 4G/LTEтехнологиясын қолдайтын базалық станциялар орнатылған. Олардың қатарында «Сұңқар» тау шаңғысы трамплиндерінің кешені, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені және «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені бар. Төртінші және бесінші нысандар Алматы қаласының Халықаралық әуежайы мен «Алматы-1» темір жол вокзалында іске қосылды. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, Атлеттер ауылында, «Халық Арена» және «Алматы Aрена» стадиондарында 2G/3G/4G қолдауымен төрт жаңа базалық станциялар орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрермендердің барынша көп барады дейтін нысандар үшін компания жоғары жүктеме жағдайларында желі сапасын қамтамасыз ету үшін қосымша 5 мобильдік станция дайындап отыр. Сонымен қатар, Атлеттер ауылында спортшылар мен шетелдік делегация үшін «Кселл» компаниясының арнайы қызмет көрсету орталығы ашылады. Ол жерде ағылшын тілінде де қолайлы және жайлы қызмет көрсетіледі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ