Шетпе ауылының тұрғындары құлап қалған шыршаны видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облыстық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасы бұл оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, бірақ ол әлі де толық орнатылмаған еді. Кеше Шетпе ауылында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлап қалды. Қазір ол көтеріліп, қалпына келтіріліп жатыр. Алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдай болмас үшін шыршаның негізі нығайтылады. Жасанды шырша жаңа емес, ол өткен жылы да, алдыңғы жылы да қолданылған», деп түсіндірді ведомстводан.
Еске салайық, жаңажылдық шыршаның құлаған жағдайлары бұған дейін де болған. 2021 жылдың қаңтарында қатты жел салдарынан Ақтауда жаңажылдық шырша құлаған еді.