Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген ресми хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.