Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталып, ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.
Іріктелген кандидаттар тізімі pkrezerv.gov.kz. сайтында жария етілді.