• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Президент 27 Желтоқсан, 2023

Мемлекет басшысы отандық басылымға көлемді сұхбат береді

273 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылдың басында республикалық басылымдардың біріне көлемді сұхбат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Берік Уәли «Президент БАҚ өкілдеріне сирек сұхбат береді» деген пікірмен келіспейтінін айтып, ел басшысының жұмыс кестесінің тығыздығына тоқталды.

Бұл ретте Берік Уәли атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл шет мемлекет басшыларымен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін 8 брифинг өткізді. Қазақстан Президенті жыл басынан бері шетелдік және отандық БАҚ-қа 4 сұхбат берді, оның ішінде соңғы екі айда «Известия» басылымы мен Euronews телеарнасына да 3 мақала жариялады.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, келесі жылдың қаңтар айының басында Қазақстан Президенті республикалық басылымдардың біріне еліміздің ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі баяндайтын көлемді сұхбат беруді жоспарлап отырғанын атап өткім келеді», деді ол.