Тінту жұмыстары барысында күдіктіден жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі заты салынған 11 түйіршік табылды. Полицейлер синтетикалық есірткіні тәркілеп алды.
Анықталғандай, ұсталған шетелдік «курьер», дәлірек айтқанда, есірткіні жасырып қойып кетуші болып жұмыс істеген. Ол Telegram-чаттағы топ басшысынан есірткі заттары жасырылған жердің координаттарын алып, оларды ары қарай Ақтөбе қаласы бойынша таратып жүргенін мойындады.
Нәтижесінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.