• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2023

Жаңажылдық шыршаны қасақана өртеген күдікті ұсталды

156 рет
көрсетілді

Таразда жаңажылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке  сілтеме жасап.  

«31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңажылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған. Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны» жазылған хабарламада.

Күдікті өртеп жіберген бас шырша «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағына құрылған болатын.