• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қаңтар, 2024

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды

77 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 2 қаңтарда «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының сегізінші шақырымында болған.

«Уварово ауылына бұрылысқа жақын жерде Toyota Corona Premio мен Tayota Vista көліктері соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза болды. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 345- бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.