• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қаңтар, 2024

13 адам өрттен құтқарылды

127 рет
көрсетілді

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында жаңа жылдың бірінші күнінде 16 пәтерлі екі қабатты үйде жалындаған от 13 адамды ажал құштыра жаздады. Күн күрт жылып, қар еріп жатқан. Үйге іргелес салынған қазан­дықты жағушылар отты нормаға сәйкес үстеп салса керек, жалын кенет көтеріліп, от үйдің бірінші қабатын шарпып кеткен. Қазандық қуысы кіреберісте болғандықтан екінші қабат­тың тұрғындарының шығуына жол бермеген.

Қаладағы №12-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртпен айқасуға жедел жетіп, отты сөн­діруге қызу кірісті.

«Өрт туралы хабар бізге 1 қаңтарда сағат 13.21-де келіп түсті. Араға 5 ми­нут салып ке­зекші қарауыл от­тың басына жетіп, адамдарды құт­­қа­руға және өртті сөндіруге кі­ріс­тік. Қазандықтан шыққан өрт пә­терлерге тарап үлгеріпті. Со­зылған төбеден шыққан улы түтін жоғары көтерілді. Кідірту мүм­кін емес еді. Мен адамдарды екінші қабаттың терезесінен баспалдақпен құтқару туралы ше­шім қабылдадым. Барлық операция бірнеше минутқа со­зылды, өрт сөндірушілер Нұр­сұлтан Шүңгілшин мен Ерлан Мұжықанов 7 адамды – 4 әйел мен 3 баланы құтқарды. Өрт 13 сағат 42 минутта құрықталып, 13 сағат 50 минутта толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деді аза­­­мат­тық қорғау бөлімінің қа­рауыл бастығы, азаматтық қорғау лей­тенанты Ерсұлтан Ақ­тан.

Өртті сөндіру кезінде қа­рауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Өрт­тің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрады. Үйде т­ұра­тын әді­лет аға лейтенанты Ға­лымжан Байбусиннің сауатты іс-әрекеттерін атап өту қа­жет, ол өрт сөндірушілер кел­генге дейін өртті қолда бар құралдармен сөндіру әрекетін жасаған, ал өрт сөндірушілер келген соң адамдарды үйдің екі кіреберісінен эвакуациялауға кө­мектесті. Үй тұрғындары өз­­­де­рінің құтқарушыларына ал­­ғыс­тарын білдіріп, өмірін сақ­тап қалуға және ең аз шы­ғынмен өртті сөндіргені үшін ризашылықтарын білдіріп жатты. «Жігіттер жедел жетті. Өрт тез сөндірілді. Оларға көп рахмет!», дейді үй тұрғындарының бірі, 19 жастағы Кирилл Пав­лов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы