• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қаңтар, 2024

Еліміздегі университеттердің бірінде миллиондаған қаржы жымқыру фактісі анықталды

241 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.