• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2024

Оралда дәмханадағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

299 рет
көрсетілді

Оралда дәмханадағы жарылыстан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Оралдағы дәмханада газ жарылып, өрт шыққанын хабарлаған едік. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат енді мәлім болды. 

«Қираған үйінділер астынан 6 адам табылып, құтқарылды. Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасады», делінген Батыс Қазақстан облысы ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылған. Қазір барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылған.