• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2024

Майкөмгендегі Мәдениет үйі

264 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы бес округтің бірі – Майкөмген ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мәдени іс-шаралар ордасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген.

Майкөмген ауылдық округінде 1 165 адам тұрады. Мұнда орта білім беретін мектеп, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория секілді әлеуметтік нысандар бар. Енді оның қатарына жаңа мәде­ниет ошағы қосылды. Былтырғы шіл­деде құрылысы басталған мәдениет үйі 200 орынға есептелген. Жаңа нысанда концерттік зал, үйірмелер және оқытушылар бөлмесі бар. Сондай-ақ 12 орындық оқу залы бар кітапхана, 4 орындық медиатека, кітап сақтау бөлмелері орналасқан.

«Мемлекет мерейін еңселендіретін мәде­ниет саласының ұлттық руханиятымызды қа­лыптастыруда өзіндік орны бар. Президент ұлт­тың жаңа сапасын қалыптастыру үшін білім, мәдениет және ғылым саласын дамы­туға ерекше көңіл бөліп отыр. Мемлекет бас­шы­сының тапсыр­масына орай ауылда соңғы үл­гідегі мәдениет ошағы ашылды. Жас­тар­ға ұдайы ұлттық өнерімізді, құндылық­та­рымызды дәріптейтіндей, елге адал қызмет ететін­дей тәрбие беруіміз керек. Мә­дениет үйі ауыл тұрғындарының бас қосатын ордасына ай­налады», деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

 

Атырау облысы