• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2024

Алтын кенішінде ойыққа құлап кеткен жұмысшылар әлі де іздестіріліп жатыр

307 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Құтқарушылар қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр. Іздеу орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев та жүр.

«Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы, «103» қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Павлодарда жолаушылар мінген автобус ойыққа құлап кеткенін хабарлаған едік.