• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қаңтар, 2024

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті

230 рет
көрсетілді

Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 161-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 560 адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар қызметі 195 тұрғынды таба алмай отыр.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар 6 қаңтарда үйінді астынан 90 жастағы жергілікті тұрғынды алып шықты.

Айта кетейік, Жапонияда 1 қаңтар күні бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады.