Синоптиктер 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжып келе жатқан Қара теңіз циклонының әсерінен елімізде бұрқасын мен қалың қар жауады, ал жауын-шашынның әсерінен көктайғақ болады. Сонымен қатар Скандинавиялық антициклонның араласуына байланысты елімізде аяз қайта күшіне енеді.
«Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аяз болып, түнде термометрлер 20-30 градусқа дейін төмендейді, ал шығыста 18-23 градусқа дейін төмендейді», деді синоптиктер.
Республика бойынша қатты жел соғады.