• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қаңтар, 2024

«1WIN» казиносының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды

156 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандасымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік береді.

2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құраған.

«Тергеу әлі де жалғасады. Онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды. Сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес бұдан өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді.