• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2024

Жастармен кездесті

201 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясының тең төрағасы Руслан Берденов Абай облысына сапарында Семей қаласындағы бірқатар нысанда болып, кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, қаланың бас­ты жылу көз­деріне жауап­ты «Теп­ло­ком­мун­энер­го» мем­ле­кеттік кәсіп­орны­ның тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен қанықты. Одан кейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да аялдап, еңбек адамдарымен ашық әңгімелесті. Яғни теміржол жүк тасымалы жүйесіндегі ашықтық, туризмді дамыту, электронды коммерция жүйесін енгізу жайымен де танысты.

Қаладағы алдыңғы қатарлы сауда нысаны саналатын «Ақ­шың» сауда орталығына келген Мә­жіліс депутаты еліміздегі кә­сіпкерлік саланың даму барысы және салық саясатының жүзеге асуына қатысты ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен бірге сауда орталығының ішін аралай жүріп, заман талабына сай жасалған сауда алаңдарының орналасу ретін көріп, еліміздің базарларының модернизациядан өткізуге осындай серпінді қадамдар жасау қажетіне тоқ­тал­ды. Іргетасы қаланғанына 30 жылдың жүзі болған «Ақшың» сауда нысанында бұл күнде 3 мыңнан астам кәсіпкер сауда көрігін қыздырып отыр.

Шәкәрім атындағы Семей универ­си­тетінде Руслан Берде­нов­тің жастармен кездесуі ел болашағына қатысты түрлі та­қы­­рыпты кеңінен қамтуымен ерекшеленді. Әсіресе құмар ойындарға тәуелділік жастар арасында кең етек алып бара жатқаны қызу талқыға түсті.

– Зиянды әдеттер мен оның жағым­сыз салдары – қазіргі қоғамның жаһан­дық дерті. Ке­йінгі кездері жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алып отыр. Біз қоғам болып бұл мәсе­лемен күресуіміз керек. Өйткені мұның астарында адамдардың, олардың отбасы­ла­рының, бүкіл халықтың тағдыры жатыр, – деді университет ректоры Думан Рымғалиұлы.

Руслан Арысбекұлы студент­тердің назарын ойынға тәуел­діліктің жағымсыз салдары мен Парламенттегі партия фрак­циясы жүргізіп жатқан жұмыстарға аудар­ды.

– Кейінгі бір жылда елімізде 350 мыңнан астам ойынға тәуелді адам тіркеліп, 2 мың сайт пен онлайн казино аккаунт­та­ры бұғатталды. Мемлекет бас­шысы Үкіметке ойынның заң­сыз түрлеріне шектеуді кү­шей­ту­ді тапсырды. Көптеген жас­тар тіл үйрену мен спортпен ай­на­лы­судың орнына «оңай ақша» табудың жолын іздеп, ойынның торына қалай түскенін білмей қалады. Сондықтан мейлінше жаман әдеттерден аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанып, бос уақытты өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі танытуға жұмсау керек, – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Р.Берденов.

Мәжілісмен Парламентте атқа­рып жатқан заң шығару қызметінен де хабардар етті. Бұл құмар ойынға тәуелділіктің таралуын азайту және ойын бизнесін шектеу, эквайрингті енгізу, жаңа Салық кодексінде ҚҚС төмендету сияқты өзек­ті мәселелердің түйінін тарқатуға бағыт­талып отыр.

Ашық әңгіме барысында Шәкәрім университеті мен Әлихан Бөкейханов атындағы уни­верситеттің студенттері қан­дай кәсіпті бастауға болады, вейпингке қашан тыйым салынады, құмар ойындарға тәуелділіктен қай жерден емделуге болады, өңірді дамы­ту­дың бола­шағы қандай деген сауалдарға жауап алды. Кездесулерде сайлаушылар тарапынан айтылған барлық мәселе Мәжілістегі «Respublica» партиясы фрак­циясының назарына алынады.

 

Абай облысы