• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 10 Қаңтар, 2024

Қазақстанда 930 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

153 рет
көрсетілді

Елімізде қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау шеңберінде 930 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл нысаналы топтың 62%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан өңірлерінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалып отыр. Мәселен, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тиісті контингенттің 70%-дан астамы қосымша иммундаумен қамтылған. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында өткен жылы осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді, бір және алты жастағы 700 мыңға жуық бала екпе алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қызылша бойынша тұрақтандыру үрдісі 6 өңірде – Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында байқалды. Төмендеу үрдісі 3 өңірде – Шымкент қаласында, Жамбыл және Ұлытау облыстарында тіркелді», деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1674 жағдайы тіркелді.