• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2024

Республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды

454 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан қазіргі уақытта бірнеше облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 7 облыстың республикалық маңызы бар автожолдарының 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 1 учаске: «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП – Қарағанды облысының шекарасына дейін 61 км жол жабылды.

Ақтөбе облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз а. - Қызылорда облысы шекарасына дейін – 87 км жол жабық.

Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы – 100 км жол жабылып отыр.

Қостанай облысында – 1 учаске: «Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау облысы шекарасына дейін – Арқалық қаласы – 82 км қашықтық бойынша жол қозғалысына тыйым салынды.

Қызылорда облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 1240-1657 км, Ақтөбе облысы шекарасына дейін - Жосалы а. – 417 км жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске: «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а. - Қиялы а. – 129 км жол жабық.

 Қарағанды облысында – 3 учаскесінде жол жабылды:

1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а. - Новостройка а. – 16 км.

2. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасына дейін-Теміртау ААП – 73 км.

3. «Екатеринбург - Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП – Теміртау қаласы – 20 км.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 706 бірлік техника және 1355 жолшы жұмылдырылған.