Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Бұл қызметті бұған дейін атқарған Аңсаған Скендерұлы Балтабеков лауазымынан босатылды.