«Жолаушыларды тасымалдау» қызметі «Астана - Шымкент» бағытындағы пойыз бұзылып қалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«10 қаңтарда Сары-Шаған-Шу учаскесінде №85/86 пойыз техникалық себептерге байланысты тоқтап қалды. Осыған байланысты Шу стансасында аталған вагондарға қызмет көрсетуге жауапты «Патентес Талго» компаниясы тиісті техникалық жұмысты істейді», деп түсіндірді «Жолаушыларды тасымалдау» қызметі.
Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға Талго вагондарынан құрылған №1/2 «Алматы 2 – Ташкент» пойызына ауысуды ұсынды. Ауыстырылған пойызға бірінші кезекте әйелдер, балалар және транзиттік жолаушылар мінеді. Жолаушыларға тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Компания діттеген мекен жайына уақытылы жетпеген жолаушылардың билет бағасы қайтарылып, өтемақы төленетінін мәлімдеді.