• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2024

Сайлаушылар сұрағына жауап

134 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төр­ағасы Нұртай Сабильянов Абай ауданындағы сайлаушылармен кездесу өткізді.

Депутат Н.Сабильянов Аягөз қаласы­ның тұрғындарымен кездесті. Жиында қала тұрғындары өздерінің көкей­кесті мәселелеріне тоқталды. Сай­лау­шылар әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы, автобустардың кешкі мезгілде ерте тоқтап қалуы, ауыз су, көшелердің атауын өзгерту, қаңғыбас иттерді атуға рұқсат беру, медициналық сақтандыру, газ тарту, жедел жәрдем стансасын Семей­ден Аягөзге көшіру, әуежай салу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

«Бірін­шіден, тұрғын үймен қам­ту өте өзекті. Екінші мәселе – ауыл ­­шаруашылығындағы игерілмеген жер­­лерді қайтару. Сондай-ақ елді­ мекен­дер­ді жоғары интернетпен қамту. Кей ауыл­­дарда не су жоқ, не қаржының игері­луі­нің есебі жоқ. Мысалы, Аягөз қала­сын­да тұрғын үйлер салынған, бірақ сапасы өте нашар екен. Қыста суық, осы мәсе­ле ше­шілсе деп отыр. Халықтың көтерген мәс­еле­лерін жазып алдым, Парламентке бар­ғанда көтеріледі. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізіледі», деді депутат.

Н.Сабильянов сайлаушылардың барлық сұрағына жауап берді. Мәжіліс депутатының өңір халқымен кездесулері жалғасып жатыр.

 

Абай облысы