Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығын жүргізуші ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Күдікті көлігінің ішінде ақша алу сәтінде ұсталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушы орындығының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленді. Сонымен қатар барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны» жазылған ақпаратта.