• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қаңтар, 2024

Көлік салығын төлеу мерзімі жақындады. Салықты төлеу жолдары қандай?

592 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік жүргізушілері 2023 жыл үшін көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

«Жеке тұлғалардың 2023 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады», делінген комитет хабарламасында.

Көлік иелері төлеу тиіс салық мөлшерін kgd.gov.kz порталы мен «e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы салық калькуляторын қолданып дербес есептей алады.

Жүргізуші төлеу тиіс нақты салық соммасы екінші деңгейлі банк қосымшасына PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі.

Жеке тұлғалардың көлік салығын банктердің мобильді қосымшаларында төлеуге болады. Сонымен қатар жеке тұлғалар салықты екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша, банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталары арқылы төлей алады.