• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2024

​Қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігімен танысты​ ​ ​

169 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ұлттық ұланның «Шығыс»​ ​ өңірлік ​қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің ​ ​ жауынгерлік ​ дайындығымен​ және техникалық жабдықталуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаз-қатар тізілген броньді әскери көліктердің сипаттамасынан​ хабардар болған​ өңір басшысы​ Урал 4320 ауыр жүк көлігін өзі тізгіндеп, әскери бөлім аумағында жүргізіп​ көрді. Сондай-ақ ол​ әскери​ бөлім​ орындайтын жауынгерлік міндеттермен, оқу материалдық базасына​ назар аударды.​ Сондай-ақ​ қарудан оқ ату дағдыларын қалыптастыруға арналған​ тир орталығында​ қарудан оқ атып көрді.

Жұмыс барысында облыс әкіміне​ жауынгерлік жедел тобының​ ұрыстық тәртібін көрсетіп, отряд офицерлері​ арнайы жасақтың​ ​ заманауи үлгідегі қаруларын,​ әскери киім үлгілерімен таныстырды.

Облыс әкімі жұмыс сапарында әскери бөлімнің саптық алаңында қаз-қатар тізілген қаруланған техникаларды бақылап, әскери нысанның материалдық-әлеуетімен танысты. Сондай-ақ ол​ әскери​ бөлім​ орындайтын жауынгерлік міндеттермен, оқу материалдық базамен және бөлімшелердің тұрмыстық жағдайына назар аударды. Өткен жылы облыс әскери бөлімге​ «Daewoo»​ маркалы​ 4 автобус​ табыстаған болатын.​ Отыз орынға арналған көліктер ​ жедел мақсаттағы​ жеке құрамды жауынгерлік қызмет орындарына тасымалдайды.

​Өткен жылдың ​ қорытындысы ​ бойынша​ «Шығыс»​ өңірлік қолбасшылығына қарасты 3 бірдей облыстың қоғамдық тәртібін қамтамасыз ететін​ жедел мақсаттағы әскери бөлімдердің сақшылары 3514 әкімшілік​ құқықбұзушылықты анықтап, 315 қылмыстың​ бетін ашқан. Кездесу соңында ​ ​ облыс ​ әкімі өңірдегі тұрақтылықты​ жіті бақылап,​ қаладағы қоғамдық ​ тәртіпті қамтамасыз ететін ​ ұландықтардың маңызды да жауапты​ ​ қызметтеріне​ сәттілік тіледі.