Taza.kz
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1334 материал табылды

Туризм • Бүгін, 09:50

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режім енгізілгелі сауда-саттыққа, саяхатқа үлкен мүмкіндік ашылды. Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласына арнайы барды. Жұмыс сапары осы ауданның партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзянмен кездесуден басталды.

Аймақтар • 11 Маусым, 2026

Тарихы терең рухани орда

Цифрлы ғасырдың кітапханасы оқырманға кітап берумен ғана шектелмейді, нағыз рухани, әдеби, мәдени ортаға айналды. Іргесі осыдан 130 жыл бұрын қаланған облыстық Пушкин кітапханасына бас сұғып көріңіз... Кірсе, шыққысыз. Заманауи кітапхана күні кеше ғана мерейлі датасын атап өтті. Арысы Америка, берісі Ресейден меймандар құттықтап келді.

Аймақтар • 11 Маусым, 2026

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Батыс Алтайдың баурайындағы құрыш құйып, болат балқытқан Риддер қаласында ұлан-асыр той болды. Қаланың іргесі қаланғанына 240 жыл толды. Мерейлі датаға орай шаһарда екі күн бойы мәдени, ғылыми, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аймақтар • 05 Маусым, 2026

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Алтай мен Сауыр тау­ларының баурайында қос әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуықта өңір үшін стратегиялық маңызы зор нысанның бірі – Зай­сан әуежайының құры­лысымен облыс әкімі Нұрым­бет Сақтағанов танысып қайтты.

Спорт • 05 Маусым, 2026

Ақжарда спорт кешені ашылды

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында «Ауыл – ел бесігі!» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы ауыл жұртшылығы үшін ғана емес, аудан спорты үшін де айтулы оқиға болды. Бұл күні спорт нысаны ашылып, артынша көкпар тартылды.

Аймақтар • 03 Маусым, 2026

Ұлттық дәстүрді дәріптеген технология

Өскеменде балалар мен жасөспірімдер кітап­ха­насында Халықаралық балаларды қорғау күні­не орай «Дәстүр HUB» шығармашылық кеңіс­тігі ашылды. Оған облыс басшысы Нұ­рым­бет Сақтағанов арнайы ат басын бұрды.

Тағзым • 02 Маусым, 2026

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Өскемендегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде «Ұмытылмауы тиіс» атты кездесу өтті.

Өнер • 11 Мамыр, 2026

Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер

Сонау Өскеменнен шекара асып, іздеп келгенім осы ақсақал. Байырғы қазақ шаңғысын жасаудың нақ шебері. Бекзат өнерді берік ұстанған Сләмбек Сақышұлы Алтай қаласының іргесінде ғана тұрады. Әкесі 1930 жылдары Катон-Қарағайдың Шыңғыстайынан көшіп барыпты. Тұрғылықты жерін тауып беруді жарты жыл бұрын Шыңжаң өлкесінің азаматтарына тапсырып қойғанмын. Жол міне, жер аяғы кеңіген соң ғана түсті. Қазір жақсы, қазақ-қытай шекарасы ашық, визасыз режім. Ала сөмке арқалаған кейбір ағайындар таңертең барып, кешкісін бері өте шығады. Біз де сенбі-жексенбіні пайдаланып, Алтайдың арғы бетін аралап қайттық.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2026

Аршатылықтардың көңілі алаң

Аршатыны көрмей, Алтайды көрдім деу, бекер шығар. Табиғаттың тұм­сасы сол жақта. Берекелі ауылдың көшелері де жинақы, тұрғындары тиянақты. Қандай да мәселе болса, ауылдың қорынан қаржы шығарып, ыңғайын табады. Мұндағы жалғыз мәселе, мектептегі баланың азайып бара жатқандығы. Қалай десек те, көш тоқтаған жоқ. Тұрғындар мектеп жабылып қалмаса екен деп алаңдайды.

Қоғам • 17 Сәуір, 2026

Сана тазармай, дала тазармайды

Тым науқаншылмыз. Аптасына бір сенбілікке шығып, айналадағы қоқысты тазалағанымызбен, жер әлем жасарып, жайнамайды. Сана тазармай, дала тазармайды. Бұл – өскемендік эко белсенді Ясса Тәңірдің пікірі. Табиғатқа бейжай қарамайтын жас жігіттің ұстанымы нық, бағыты айқын.

Яндекс.Метрика