Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
17 материал табылды

Талбесік • 25 Қыркүйек, 2024

Аршаты – Алтайдың төрі

Шыңында таутеке ойнақтап, қар барысы жортқан Алтайдың төріндегі тұмса табиғатты Аршаты орманшылығының инспекторлары мен орманшылары қызғыштай қорып, тау-тасын торып жүр. Жалама шыңдарда фототұзақ құрып, көзге түсе бермейтін түз тағыларын суретке түсіретін де осылар.

Фотогалерея • 22 Сәуір, 2024

Көрдік біз барып Күршімді

Шығыс Қазақстан облысының бір топ журналисі жұмыс сапарымен Күршім ауданына барды. Ең әуелі Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан көпір құрылысымен танысты. Содан кейін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Фотогалерея • 08 Наурыз, 2023

Арулар гүлге оранған күн

Дәл мұндай қарбалас жылына екі-ақ рет болады: бірі Жаңа жылда, екіншісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде. Әсіресе, гүл базарлардың маңында кептеліс, ұзын-сонар кезек. Бұл көрініс – ақ жаулықты аналарға, аруларға, әжелерге, қарындастарға деген зор құрметтің белгісіндей.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2022

Өскеменді қар басты

Тәулік бойы жауған қардың кесірінен Өскеменде қозғалыс қиындады. Көлікті қойып, жаяу жүргіншілердің жүруі мұң еді. Бүкіл қаладағы қарды тазалауға 86 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде жолдарды тазалап үлгермей жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Фотогалерея • 15 Қыркүйек, 2022

Учаскелік инспекторлардың бір түні

Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстары дәл мұндай қызықты, әрі қауіпті болар деп ойламаппын. Жуықта Ертіс полиция бөлімінің инспекторларымен түнгі кезекке түстік. Форма киіп, иыққа погон тақтық. 

Фотогалерея • 02 Тамыз, 2022

Шырайлы өлке – Шемонаиха

Көксу жоталарынан басталып, Ертіске құлайтын Үбі өзенінің бойын Шемонаиха ауданының ауылдары жайлаған. Ауданда ұзын саны он ауылдық округ бар. Халық саны 40 мыңнан асып жығылады. Түнеугүні шекара шебінде жатқан Шемонаихаға ат шалдырғанбыз.

Фотогалерея • 08 Мамыр, 2022

Алтайдағы аламан - Фоторепортаж

Құланқара, Бұланқара, Желмая сынды тұлпарлар тұяғының ізі қалған Алтайдың бөктерінде дүбірлі бәйге өтті. Отан қорғаушылар және Ұлы жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шарада 100 шақырымдық аламан, тай жарыс, жорға, аударыспақ, күрес, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен атбегілер, балуандар бақ сынасты, бап сынасты. 

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Күршімнің тасын түртсең, проблема: Фоторепортаж

Иә, «Күршімнің тасын түртсең, проблема» деп әзілдейді аудан тұрғындары. Әзіл болғанымен, шындық, ащы да болса... Оған өзіміз де куә болдық. Түнеугүні сонау шекара шебінде жатқан Марқакөлден бері бірнеше ауылдарды араладық. Ойдым-ойдым жол, сапасыз құрылыс, ақсаған ауылшаруашылығы, тағысын тағы.  

Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Атом көлге сапар

Сапарлап, Семейден 100 шақырымдай жердегі Атом көлге ат басын тіредік.

Қазақстан • 17 Шілде, 2021

Алып Алтай – жұдырықтай жүректе

Жаз шықса, тау кезіп кетуді көксейтініміз не осы?! Бұл жолы Бүркіт шыңның желке жағындағы Ұңғы дей-тұғын кен орнын көріп қайтпақ болып, ат ерттедік. Жолдың біз білмейтін соқпағы көп болған соң, Ұлттық парктің инспекторы Айдын Шәкеновтің соңынан ердік.