Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
173 материал табылды

Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2025

Ақжайлаудың алтыны

Осыдан үш жыл бұрын Марқакөл ауданына қарасты Ақжайлау ауылы маңында «Сақ элитасының қорымын зерттеу» тақырыбында профессор, археолог Зейнолла Самашұлының жетекшілігімен қазба жұмысы басталған.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025

Жанға жайлы Жанұзақ

Осы біздің Шығыста береке-бірлігі жарасқан, бір-біріне қарас­қан ауыл қайсы десең, Жанұзақ емес пе дейді көбісі. Қай­бір жылы дүкенінде ащы сусын сатылмайды деп, көпке үлгі еткеніміз де бар. Ішімдік ішу-ішпеуін індете зерттей қоймадық, бірақ ауылдың ерек­шелігін барғанда көрдік: үй-үйдің арасында қоршауы жоқ, айрандай ұйыған ел.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025

Шаңғы маусымы ашылды

Шығыста жыл он екі ай бойы туризм саласы толастамайды. Ел ала жаздай тау-тас аралап, өзен жағаласа, қыс қызығы – сырғанақ. Кейінгі күндері қар молынан түсіп, Өскемен қаласының іргесіндегі демалыс базасында шаңғы тебу маусымы ашылды. Салтанатты жиынға Қытайдан да туристер келді.

Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025

Сұраныста – сапалы қызмет

Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген азаматтарға жан-жақты мүмкіндік жасалып отыр. Тиімді несие, қайтарымсыз грант секілді бағдарламалардың түр-түрі бар. Ең бастысы, кәсіп көзін тауып, жобаңызды комиссия алдында қорғап шықсаңыз болғаны.

Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025

Салбурын шежіресі

Қаланың қарбаласынан қолы қалт еткендер дәстүрлі Салбурын фестивалінің 5 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан көрмені тамашалауға жиналды. А.Пушкин кітапханасындағы бұл көрмеге өңірдегі фотографтардың отыз шақты жұмысы қойылды. Олар бес жыл бойы қыран қалықтаған фес­тивальге барып, сәтті кадр іздеумен, іс-шараны насихаттаумен айналысып келген.

Талбесік • 29 Қараша, 2025

Бұқтырма бойы иен орман

Ертісті бойлай Төр Алтайға қарай ұшып барамыз. Орман мен жануарларға қорған болып жүрген инспекторларға ілесіп шыққан бетіміз. Күз басталғаннан бері олар әуе рейдін күшейткен. Заң қатал болса да, аң аулап, орман отаған қаскөйлер қолдарын тартар емес. Әсіресе бейберекет балық аулайтындар көп. Етектей жайылған Ертістен көтерілген тұман күнді көлегейлеп, маңайды тұмшалап тұр. Бұған таң-тамаша болып отырғанымыз бергі жағы екен. Сонау түкпірден бастау алған Бұқтырманы өрлей тау арасына енгенде, тікұшақ терезесінен тіпті көз ала алмай қалдық.

Қоғам • 28 Қараша, 2025

Техниканы тізгіндеген әкім

Неге екенін қайдам, әкім атаулы туралы бірауыз жылы сөз жазбас бұрын, ойланып-толғанамыз. Жақсылығын көріп тұрсақ та, тартыншақтаймыз. Дей тұрғанмен, Катонқарағай ауылдық округінің әкімін тұрғындары жақтап, мақтап жатқанын жиі естідік. Қашан көрсең, халықтың арасында дейді. Тіпті техниканы өзі тізгіндеп, қара жұмысқа да кірісіп кетеді екен.

Қоғам • 25 Қараша, 2025

Бақ қонған ауыл

Күре жолдың бойында жатқанымен, көзге елеусіз ауылдар көп. Соның бірі Ұлан ауданына қарасты Украинка ауылы. Тарихи атауы Аққулы деседі үлкендер. Айтса, айтқандай еді. Қайбір жылы осы ауылды іргелей ағып жатқан Ертісті жағалай бара жатқанымызда, өзеннің бір сағасынан қос аққу қанатымен суды сабалай көкке көтерілген. Сөйтсек, бұл маңды атам заманнан аққу мекен етіпті. Неге екенін кім білсін, кейін Украинка болып кетіпті. Әңгіме онда емес. Осы жолы сол ауылға тұрғындардың шақыруымен арнайы бардық. Қойын құрттап, айранын ұрттап жатқан берекелі де мерекелі ел екен.

Руханият • 22 Қараша, 2025

Күздің ұзақ кеші...

Қаздар қайта салысымен жауған қар еріп кеткен. Таудың теріскейінде ғана ала қанатта­нып жатыр. Күздің ұзақтығы төрт түлікпен күнелтіп отырған ауылдағы ағайынға жайлы болып тұр.

Аймақтар • 18 Қараша, 2025

Батыс Алтайды барлағанда

Бұл жолы аң-құс кездесе қоймады. Күзге салым асыр салған аю атаулы да апанына кіріп, қысқы ұйқыға кетсе керек. Батыс Алтайдың бытысқан тайгасына тікұшақпен рейд жасап келеміз. Бәрі алақандағыдай. Заңсыз ағаш кесіп, аң аулаған қаскөйлер кездесе қалса, борттағы инспекторлардан құтылып кетуі екіталай.

Яндекс.Метрика