Фотогалерея • 02 Тамыз, 2022

Шырайлы өлке – Шемонаиха

2644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көксу жоталарынан басталып, Ертіске құлайтын Үбі өзенінің бойын Шемонаиха ауданының ауылдары жайлаған. Ауданда ұзын саны он ауылдық округ бар. Халық саны 40 мыңнан асып жығылады. Түнеугүні шекара шебінде жатқан Шемонаихаға ат шалдырғанбыз.

Шырайлы өлке – Шемонаиха

ф

Ауданның 120 шақырымы Ресеймен шектесіп жатыр. Шекара бекеті болған соң ба, Марқакөл, Катон, Тарбағатайдағыдай ауылдары бос қалып жатқан жоқ.

ф

Ауданға жете сала тоқтаған тұсымыз – «Марияның жартасы». Мария жазушы Анатолий Ивановтың «Тени исчезают в полдень» романындағы кейіпкері. Романда Ресей империясының соңғы жылдарындағы өлара уақыт, азаматтық соғыс, коллективтендіру секілді тарихи оқиғалар баяндалады. Кейін «Тени исчезают в полдень» романы бойынша телесериал түсірілгені көпшілік көрерменнің есінде. Алайда, кино Ресейдің Сверлов облысында түсірілген.

ф

Жазушы романына арқау болған кейіпкер Мария Вороноваға «Анатолий Иванов» атындағы қоғамдық қордың мұрындық болуымен ескерткіш қойылды. Мүсіннің эскизін жергілікті суретші Б.Морозов жасаса, ескерткіштің өзі Қытайда жасалған.

ф

«Тени исчезают в полдень», «Вечный зов» секілді туындылардың авторы, жазушы Анатолий Ивановтың балалық шағы осы үйде өткен. Шемонаиха қаласы.

ф

Аудан басшылығының Ұлы жеңіске деген құрметі ерекше. Олай дейтінім, ҰОС мемориалы жарқырап тұр. Маңайы гүлмен көмкерілген.

ф

Орталық көшесінде Бауыржан Момышұлының кеуде мүсіні менмұндалады...

ф

Тыл еңбеккерлеріне арнап та мүсін соқтырыпты.

ф

Бұл өлкетану музейі болғанымен, сүйегі мықты көне ғимарат.

Шемонаиха ауданы