
Талбесік • 15 Ақпан, 2025
Көзге көріне бермейді ғой. Әйтпесе, Алтайдың қойын-қолат, орман-тоғайын 305 құстың түрі мекен етеді екен. Оның 28 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Катонқарағай Ұлттық мемлекеттік паркі аумағындағы бұл құстарды орнитолог, фотограф Владимир Воробьевтің зерттеп жүргеніне неше жылдың жүзі болды.
Жәдігер • 11 Ақпан, 2025
Музей төріндегі ерекше жәдігер
Облыстық өлкетану мұражайы – өңіріміздің бай тарихы мен мәдени мұрасын сақтап отырған бірегей орталық. Бұл мұражайда сақ дәуірінен бастап, көне түркі кезеңіне, Қазақ хандығы мен кеңес дәуіріне дейінгі тарихи жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде Елеке сазы қорымынан табылған алтын бұйымдардың алар орны ерекше.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент таныстырылды
7 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада еліміздегі алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI таныстырылды. Инновациялық жобаның тұсаукесеріне аудан және қала кітапханашылары, IT мамандары, студенттер мен жаңашылдыққа жаны құмар оқырмандар қатысты.
Өндіріс • 07 Ақпан, 2025
Полиэтилен құбыр цехы іске қосылды
Былтыр күзде іске қосылған «УКа Трубтех» ЖШС-ға қарасты кәсіпорында электр желілеріне арналған құбыр шығаратын тағы бір цех жұмысын бастады. Мұнда диаметріне қарай күніне 3,5 шақырымға дейін электр құбырын өндіреді.
Жәдігер • 07 Ақпан, 2025
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында қимақ жауынгер-музыкантының жинақталған материалдық бейнесі көрермен назарын бірден өзіне аударады. Батырдың бұл мүрдесі 2015 жылдары Қарақабадағы қазба жұмысынан табылған.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Шаңғы базасын салуға не кедергі?
Жаз шыға су жағалауын ғана емес, таңғажайып табиғат мекені Катонқарағайды да бетке алатын туристер көп болады. Тау самалымен демалып, бұғы мүйізінен ем алып жататын жұрттың қатары жыл сайын артып келеді. Дегенмен қыркүйек туа адам аяғы сап тиылып, Катонқарағай бәз-баяғы қоңыр тірлігіне көшеді. Өйткені Алтайдың жазы қандай сұлу болса, қысы да сондай ғажап екенін былайғы жұрт біле бермейді. Білсе де, бұл жаққа ат терлетіп баратындар сирек. Себебі қысы қатал, тым ұзақ...
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025
Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысында халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформа іске асырылды. Тарбағатай, Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарын қайта құру туралы шешім шекаралық аудандарды дамыту, жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, қауіпсіздікті нығайтуға зор ықпал етті.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
Жонында барыс жортқан Аршаты ауылы – Алтайдың қиыр қуысында. Одан әрі ауыл жоқ. Арайлап атқан күннің шапағы да әуелі осынау елді мекенге түседі. Демек ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан қазақтың жері Аршатыдан басталады. Түнеугүні таутекенің тұяқ тықыры құлақ түбінен естілетін жұмақ мекенге жолымыз аяқ асты түсті. Әйтпесе, қақаған қыста неміз бар? Тау-тасты, әсіресе жаздың жайма шуағында аралауға ынтықпыз ғой. Сарша тамызға дейін топырлап жататын туристер де мынау аязда Алтайға аяқ баспайды. Табиғаттың қыс іші ақ күмістеніп құлпырып тұратынын білсе, көк тайғақ, ақ боранға қарамас та еді.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
«Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған ауылдағы ағайынның тіршілік көзі – мал. Оны бағады, қағады, ала жаздай шөбін шабады. Қып-қызыл әуре болғанымен, бала-шағасын асыраудың бірден-бір жолы – осы төрт түлік. Төрт түлікке төрт аяқтының ауыз салғаны былай тұрсын, кейінгі жылдары баукеспелер белең алды. Жуықта Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылының тұрғындары айдың-күннің аманында малынан айырылып қалып жатқандарын айтты, шағымданды.
Жануарлар • 23 Қаңтар, 2025
Қарт Алтайдың қойын-қонышы толы жұмбақ. Қайбір жылдары Сарымсақты жотасында баспалап бара жатқан барыс фототұзаққа ілініп, көпті таңғалдырса, бұл жолы Топқайың ауылы тұсындағы Бүркіт шыңының сілемінде суретке түскен.