
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Алтай аңыздары кітапқа жинақталды
25-қазанда А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті.
Аймақтар • 21 Қазан, 2024
Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 16 Қазан, 2024
Өркениеттің біздің заманымызға дейінгі II-V ғасырларда-ақ дамығанын сан рет жаздық. Басқасын айтпағанда, сақ заманында сән үшін таққан микро моншақтардың өзі қандай? Сақ әйелдерінің сәнге көңіл бөлгеніне Берел жазығындағы 81-қорғаннан табылған сүйек тарақ та дәлел.
Ұлттық спорт • 15 Қазан, 2024
Қоңыр күзде қыран құстарын көтерген бүркітшілер Бозанбайдың іргесіндегі Бүркіттөбеде бас қосты. Дәстүрлі «Шығыс салбурыны» биыл былтырғыдан өзгеше өтті. Жоғары деңгейде. Ұйымдастырушылардың есеп-қисабына қарасақ, халықаралық турнирдің шешуші сайысын бес мыңдай турист келіп қызықтаған.
Жануарлар • 12 Қазан, 2024
Бұған дейін Алтайдың биігін барыс мекендемейді, тек көшіп қана жүреді деген пікірлер жиі айтылар еді. Кеше ғана екі күшігін ерткен ілбістің бейнесі сыңаржақ пікірді жоққа шығарғандай болды. Аршатының өр жағындағы тауда үш барыс бірдей бірінші рет фототұзаққа ілінген.
Қоғам • 11 Қазан, 2024
Бас жүлде – «Болмаған балалық шақта»
Еліміздің маңдайалды театрлар ұжымы Өскеменде бас қосты. Балалар әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі өтті.
Өнер • 05 Қазан, 2024
Күздің мизам шуағында арқасын күнге қыздырып, ауласында картина салып отырған Еркебұлан Жәкішев – суретшілердің ішіндегі серісі. Тарбағатай балалар өнер мектебінде ұстаздық ететін ол алғашқы қар жауса болды, тұлпарын ерттеп, тазысын ертіп, сән салтанатпен Арғанаты мен Толағайдың маңайына саят құрады.
Байқау • 03 Қазан, 2024
Үшінші жыл қатарынан өтіп келе жатқан Оралхан Бөкей атындағы қаламгерлер байқауы мәресіне жетті. Республикалық деңгейде Өскемен қаласы әкімдігі ұйымдастырып жатқан биылғы байқауда қаламгерлер драматургия жанры бойынша бақ сынасты.
Таным • 02 Қазан, 2024
Сүмбіле тумай Ұланның жазира даласына төселген жүз сырмақ көпшілікті елең еткізді. Мұншама сырмақ ненің құрметіне төселді деген сан сауалға сауын айтып жатырмыз деп жауап қатты белгілі туристік оператор, кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Сөйтсек, 12 қазанда болатын бүркітшілер фестивалін ат шаптырым аумақты алмаса да, едәуір жерге жайылған сырмақ үстінде отырып хабарлаған.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Өскемендегі 19 шағын ауданда қос мұнаралы мешіт бой көтерді. Әл-Фараби даңғылы бойындағы бұл мешітке әлемге әйгілі ғұламаның есімі беріледі.