
Білім • Кеше
Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды
Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
Ардагер фототілшінің көрмесі өтті
Марқакөл ауданы, Қазақстан ауылының тумасы, ардагер фототілші Қалиғұмар Қабдешевтың 85 жасқа толу мерейтойына орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрмесі өтіп,«Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға айтулы азаматтармен қатар жас журналистер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 11 Сәуір, 2025
Ертеректе төрімізде жататын алашаны, тұсымыздағы тұскиізді кейінгі жылдары музейден көретін болғанбыз. Керексіз болып, қора-қопсыда жатқанын да сан байқағанбыз. Осымен жүн сабап, текемет басатын ісмердің өнері іске алғысыз болып қалады дегендей пікірлер де оқтын-оқтын айтылып қалатын. Шындығында олай емес еді. Ұмыт болып бара жатқан қаншама дәстүріміз қайта жаңғырды. Бозанбай ауылындағы Шәкерман Ошан киіз үйдің жабдығынан бастап, үйдің ішіндегі алаша-сырмаққа дейін өзі басады.
Өндіріс • 09 Сәуір, 2025
Жаңбырлатып суару машинасын шығарады
Алтай ауданының Серебрянка қаласында «Su Bereke» маркалы жаңбырлатып суару машинасын жасайтын жаңа зауыт іске қосылды. Ауыл шаруашылығына қажетті бұл машиналарды жасау жобасының құны 6 млрд теңгені құрап отыр. Жоба аудан экономикасына ғана емес, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына тың серпін бермек.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2025
Өскеменнің бұрынғы әкімі жауапты қызметке тағайындалды
Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байқау • 03 Сәуір, 2025
Мәреге он ару шығып, міне-міне үздігі анықталады дегенше көрермендер мен жанкүйерлер тағат таппаған. Қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Өскемен аруы-2025» байқауы екі аптаға созылып, 30 наурыз күні қорытындысы шықты. Әрине, қазылар үшін ақылына көркі сай аруды анықтау оңайға соқпаған.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да 16 адам қос азаматтық алған
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтардың екі елдің төлқұжатын иелену фактілерін анықтады. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да қарғын судың алдын алу жұмыстары жіті бақылауда
Көктемгі қар суы қауіп төндіреді-ау деген аймақтарда алдын алу жұмыстары күшейтіліп, тиісті мамандардың бақылауына алынған. Өзендерде мұздар жарылып, бұлақ көздері тазартылып жатыр.
Өнер • 02 Сәуір, 2025
Суретші әрі дизайнер Талғат Рүстемұлының арманы – отандық көлік шығару. Айтуынша, елімізде инженерлік жағынан білімді де талантты азаматтар аз емес. Тек қолдау керек. Ол өзі жуықта жол талғамайтын көлік құрастыра бастапты. Көліктің қаңқасы шетелдік болғанымен, ұсақ-түйек әр детальді қолдан жонып, қиялына қарай дизайнын жасап жатыр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Алтай мен Сауыр баурайында әуежай құрылысы басталды
Былтыр Шығыста Бұқтырма су қоймасына көпір салынып, халықтың елу жылдан бергі арманы орындалған. Енді, міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті тапсырмасымен Катонқарағай мен Зайсанда халықаралық әуежай құрылысы басталды. Күні кеше Көлік министрі Марат Қарабаев Шығысқа жұмыс сапарымен келіп, құрылыс жұмыстарымен танысты.