• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 15 Қаңтар, 2024

400-ден астам блогер 200 миллион теңге салық төледі

152 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев былтыр қызметі кәсіпкерлікпен байланысты блогерлер 200 миллион теңге салық төлегенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Қазірдің өзінде елімізде 400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы 200 миллионнан аса теңге салық төледі. Егер олардың қызметі кәсіпкерлікпен байланысты болса, олар салық төлеу керек. Оған арнайы салық режимдері бар. 1 пайыздан 4 пайызға дейінгі жүктеме. Егер олардың жұмысы кәсіпкерлікпен тікелей байланысты болмаса ешқандай сұрақтар туындамайды. Салық төленбейді», деп түсіндірді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.