Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жасар тұрғыны Гаухар Бегалиева өмірге үшем алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасының шаңырағына барып, бір ұл мен екі қызға арба, сондай-ақ, қажетті гигиеналық заттарды тарту етті.
Бұған дейін бір ұл және бір қызы бар отбасы осылайша, көпбалалылар қатарына қосылды. Үшемнің анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар болып қызмет етеді.
Айта кетсек, нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді.