• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2024

«Арбасын тастап, таяққа сүйенді». Айтыскер ақын Жүрсін Ерманның жағдайын айтты

1335 рет
көрсетілді

Айтыскер ақын Қазірет Бердіхан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері, ақын, публицист Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісінде айтыскер ақын Қазірет Бердіхан Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарып келе жатқанын қуана жеткізді.       

«Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фототдағыдай ортамызда күліп жүруді нәсіп етсін», деп тілек білдірді Қ.Бердіхан.