• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қаңтар, 2024

«Алапат өрт»: Шымкентте құрылыс дүкендері мен қоймалар отқа оранды

354 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында құрылыс дүкендері мен қоймалар өртеніп жатқаны туралы хабар ТЖД-ға 17 қаңтарға қараған түні сағат 01:15-те түскен. Өрт Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға орнына келгенде құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» дүкендері мен қоймалары өртеніп жатқаны анықталды. Дүкендердің жалпы аумағы 2500 ш.м. Өрт шамамен 1300 ш.м. шарпыған. ТЖД күшейтілген режимде өрт сөндіріп жатыр. Оның себептері анықталады», деп атап өтті Шымкент қалалық ТЖД.