• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2024

Автобус құлап кеткен «Майқайыңалтын» аумағында құтқарушыларға да қауіп төніп тұр

883 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты шығару операциясы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ондағы жағдай өте күрделі, ауыр. Мамандар жерді зерттеп, автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Онда құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, бұл, әрине, нөлден төмен температура. Екіншіден, құтқарушылар мен жұмысшылардың өз өмірі мен денсаулығына қауіп бар. Егер, топырақ жылжыса, адамдарды тартып кетуі мүмкін», деді ол.

Вице-министр құтқарушылар автобустың астында қанша бос орын барын білмейтінін, бұл құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатып жатқанын атап өтті.

«Әрине, ол жерде барлық қауіпсіздік шарасы сақталған, бүгінде автобус жатқан жердің бүйірінен техника түсіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде 2 мың текше метрден аса топырақ шығарылды, кеше ғана бес текше метрлік экскаваторды түсірдік және ол дәл автобустың үстінде жатқан топырақты ақырын шығара бастады.

Біз барлық басқа елдің тәжірибесін зерттедік, шынын айту керек, мұндай жағдай еш жерде бұрын соңды болмаған», деді Сыздықов.