• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қаңтар, 2024

Мемлекет басшысы Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады

202 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихында тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.