• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қаңтар, 2024

8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті

316 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен былтыр елімізде 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті. Нақты атағанда Ақтөбе облысындағы 4 иесіз қалған бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған және 1 су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталған. Оның ішінде 5 нысан қираған әрі пайдалануға жарамсыз. Ал қалған 9 нысанды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«2023 жылы еліміздің гидротехникалық нысандарына түгендеу жүргізілді. Одан кейін облыс әкімдіктерімен бірлесіп оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспарды іске асыру гидротехникалық құрылыстардың тозу мәселесін шешуге және олардың қолданысқа жарамдылығын арттыруға мүмкіндік береді», деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.