Венгрияның Дебрецен қаласында өткен дәстүрлі турнирден боксшыларымыз олжалы оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер құрамасы Иштван Бошкай атындағы халықаралық турнирден 5 алтын, 3 күміс медаль иеленді. Финалдық жекпе-жекте сегіз боксшымыз жұдырықтасты. 48 кг салмақта Асхат Жүсіпов украин боксшысын жеңсе, 51 килода Даниял Сәбит мажарлық қарсыласынан басым түсті. 54 кило салмақ дәрежесінде Кенже Мұратұлы мен 57 килода күшін сынаған Бейбарыс Жексен, 63,5 килода Ертуған Зайнуллинов та венгр боксшысын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды.
71 кг салмақта сынға түскен Сабыржан Аққалықова украин боксшысына есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты. 80 килода Ерасыл Жәпеков венгр боксшысына жол берсе, 86 кило салмақта Темірлан Мұқатаев украин спортшысынан аса алмай күміс жүлдегер атанды. Бұл турнирге ұлттық құраманың екінші нөмірлі боксшысы барды.