• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қаңтар, 2024

«Ұшақпен саяхаттаудан өзгеше». Түріктің тұңғыш ғарышкері әсерін бөлісті

273 рет
көрсетілді

Түркия мемлекетінің  тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясынан бейнежазба жолдап,  әсерін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инстаграм парақшасына Халықаралық ғарыш станциясынан бейнежазба жариялаған Түркияның тұңғыш ғарышкері капсуланың жылдамдығы   жолаушылар ұшағынан 30 есе жоғары екенін жазды. А. Гезеравжы 400 шақырым биіктегі кеме  жолаушылар ұшағы еңсеретін  биіктіктен  30 есе  жоғарыда қалықтап бара жатқанын жеткізді.   «Халидан қарағандағы көрініс ұшақпен саяхаттаудан сәл-пәл өзгеше», деп жазды Алпер Гезеравжы.