• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2024

Аурухананың ойын алаңы

104 рет
көрсетілді

Атырау облыстық балалар ауруханасына жылына 7 мыңға жуық науқас қабылданады. Науқас балалардың 70 пайызы – шұғыл, ал 30 пайызы жоспарлы емделу мақсатында түседі.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, балалары ем­делетін ата-аналар тарапынан көптеген ұсыныс түсіп жүр. Соның бірі – науқас балаларды сергіту үшін ойын алаңын ашу. Осыған байланысты облыстық балалар ауру­ханасының травматоло­гия, педиатрия, хирургия, невро­логия, реабилитация және оториноларингология бөлім­шелерінде ойын алаңы жабдықталды.

Ауруханадағы ойын алаң­дарын ашуға «Бертлинг Казах Лоджистик» компаниясы де­меу­шілік көмек көрсетті. Де­меуші компанияның бас директоры Әлия Жақсылықованың айтуынша, ойын алаңдарын жабдықтау жұмысы былтыр қазан айында басталған.

«Бұл – біздің қайырымдылық іс-шарамыз. Ауруханада ем­делетін балалардың ойлау қа­білетін дамытуға үлес қосқымыз келді. Сол мақсатпен ойын алаңдарына күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың ақыл-ойын жетілдіруге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл үшін 4 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды», дейді Әлия Жақ­сылықова.

 

Атырау облысы