Синоптиктер 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында қалып отыр. Осыған байланысты синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам жасады. Ал батыста, солтүстік батыста және оңтүстік шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, көктайғақ күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.