• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2024

Павлодар облысында ауыл атауы өзгерді

535 рет
көрсетілді

Павлодар облысында Скриптонит лақап атымен танымал реп орындаушысы Әділ Жәлелов дүниеге келген Ленинский ауылының атауы өзгертілді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған ауыл қазіргі уақытта ресми түрде Атамекен деп аталады.

Былтыр қараша айында ауыл атын өзгерту мәселесі облыстық ономастикалық комиссия отырысында талқыланып, желтоқсанның аяғында облыстық мәслихат депутаттары ауылдың жаңа атауын бірауыздан қолдап, құжат тіркеуге жіберілген.

Соңғы он жылда атауды өзгерту мәселесі кезең-кезеңімен көтерілген екен. Жергілікті тұрғындар былтыр сәуірде жаңа атауды таңдаған.

Қоғамдастық жиналысында бірнеше нұсқа ұсынылған, көбі, нақты атағанда 49 адам «Атамекен» атауына дауыс берген.