Алдағы ақпан айынан бастап елімізде «Пойыз+ұшақ» интермодальды тасымалдау қанатқақты жобасы іске қосылады. Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және «UvU» компаниясы өзара ынтымақтастығының арқасында жүзеге асып отыр.
Жолаушыларға ұсынылатын бұл қызмет автобус, әуе және теміржол билеттерін бір бағыт бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап, билет іздеуге жұмсайтын уақыттарын үнемдейді. Сондай-ақ қызмет арқылы еліміздің барлық қаласы бойынша саяхаттау мүмкіндіктері кеңейеді. Қанатқақты жоба (пойыз+ұшақ) «Қостанай-Астана-Шымкент» бағытында және кері бағытта сынақ түрінде өткізіледі.
«Қостанай-Астана-Шымкент»(пойыз+ұшақ) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
- Қостанай стансасынан №81 «Қостанай-Астана» пойызы Астана қаласына жөнелтіледі;
- «Нұрлы Жол» вокзалының №2 келу залының шығаберісінде трансфер Астана қаласының халықаралық әуежайына жөнелтіледі;
- Астана әуежайынан DV 772 «Астана-Шымкент» рейсі Шымкент қаласына ұшады.
«Шымкент-Астана-Қостанай»(ұшақ+пойыз) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
- Шымкент қаласының әуежайынан DV 771 «Шымкент-Астана» рейсі Астанаға қонады;
- Астана қаласы әуежайының №2 терминалының бірінші тұрақ желісінен «Нұрлы Жол» вокзалына дейін трансфер жөнелтіледі;
- «Нұрлы Жол» стансасынан №47 «Астана-Атырау» пойызы Қостанайға жөнелтіледі.
Қанатқақты бұл жоба 28 ақпанда аяқталады.
Жолаушылар әуе билеттерін scat.kz сайтынан, ал темір жол билеттерін bilet.railways.kz сайтынан қарай алады. Одан бөлек, қажетті мекенжайды таңдап, uvu.kz/ktz сайты арқылы трансферге тапсырыс беруге болады.