• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қаңтар, 2024

Оралда өрт шыққан үйден 88 жастағы зейнеткер құтқарылды

115 рет
көрсетілді

23 қаңтар күні кешке Оралдағы Тайманов көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп, үйдің иесі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйде жиһаздар мен төбенің бір бөлігі жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құрады.

«1936 жылы туған үй иесі өрт орнынан жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Өрт орнынан 50 литрлік 1 газ баллоны шығарылды. Өрт 17:41-де оқшауланып, 17:56-да сөндірілді», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.