• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қаңтар, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

174 рет
көрсетілді

25 қаңтарда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күшті циклонның әсерінен жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қаңтардың 25-і күні Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Осыған байланысты күн құбылып тұрады.

Елдің оңтүстігінде жауын жауып, тау және таулы аудандарда нөсерлетеді, қар аралас жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран болады, елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.