• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қаңтар, 2024

Ақпанда аяздың беті қайта ма, көктем қашан келеді?

25191 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ел аумағында ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтып, көктемге мезгілдік болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше ақпанда ауа райы құбылып, температура жыл сайынғы нормадан 1-2 градус жылы болады. Алайда ақпанда ел территориясын аяз айналып өтпейді. 

Айдың алғашқы онкүндігінде күн райы құбылып солтүстік-шығыс өңірлерде температура көрсеткіші күндіз  - 4, - 16 градусты көрсетсе, екінші, үшінші онкүндік аязды болады. Жауын-шашын норма мөлшерінде болады деп болжанып отыр.

Ал Астана қаласында ақпан айының басы мен үшінші онкүндіктің ортасында қарлы боран соғуы ықтимал.

Алматы қаласы мен облыста ақпандағы орташа температура - 0,8, - 11,3 градус шамасында болады. 

Күннің күрт суытуы ақпанның алғашқы онкүндігінің соңында күтіледі. Таулы аймақтарда -20 градусқа дейін аяз болады. Айдың үшінші онкүндігінде жауын жауады деп болжанған.

Оңтүстік циклондардың пайда болуына байланысты ауа температурасы оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер көктем лебі оңтүстік аймақтарда ақпанның соңғы онкүндігінде сезіле бастайды деп болжайды. 

«Наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжанып отыр. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.